Балаға мұра қалдыру – әр ата-ананың арманы. Дәстүрлі түрде біз ұрпағымызға үй, жер немесе жинақ қалдыруға тырысамыз. Алайда инвестициялық портфель де болашақ ұрпаққа берілетін маңызды қаржылық мұраның біріне айнала алады.
Бүгіннен бастап балаңыздың атына инвестиция салып, ол есейгенше дейін қандай капитал жинауға болатынын ойластырып көрдіңіз бе?
«Ұрпақ капиталы» интерактивті калькуляторы осы сұраққа жауап табуға көмектеседі. Балаңыздың қазіргі жасын ескере отырып, бастапқы салатын қаражатыңыз бен мүмкін болса ай сайын толықтыра отырып 21 жасқа толғанша қанша жинауға болатынын анықтай аласыз. Калькулятор өзіңіз салған және салып отырған сомадан бөлек құнды қағаздың жылдық орташа тариэи өсімін де есептеп, инвестицияңыздың қанщалықты өсетінін есептеп береді.
Бүгінгі инвестиция – ертеңгі ұрпақтың қаржылық мүмкіндігі. Балаңызға қандай капитал қалдыра аласыз? Есептеп көріңіз!
Ескерту: калькулятор есебінің нәтижесі тек қана болжам. Көрсетілген компаниялардың табыстылығы бүгінге дейінгі тарихи орташа жылдық табыстылыққа негізделген. Болашақтағы табысқа кепілдік берілмейді, ал бағалы қағаздардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін.