Құрамында PDRN бар күтім құралдарына сұраныс арта түсті

Құрамында PDRN бар күтім құралдарына сұраныс арта түсті

«Золотое Яблоко» халықаралық бьюти-ретейлер сарапшылары Қазақстанда құрамында PDRN, спикула, пептид және церамидбар күтім құралдарына сұраныс арта түскенін байқады. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 10 қараша аралығында аталған компоненттері бар өнімдердің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай есепте 27%, ал сатылған өнім саны бойынша 17% өскен. Сұраныс PDRN компоненті бар құралдарға сұраныс ең жоғары: мұндай өнімдердің даналап сатылымы10 еседен астам, ал ақшалай есепте 6,7 есе артқан.

PDRN

PDRN (полидезоксирибонуклеотид) – албырт немесе алабалық балықтарының ұрық сұйықтығынан алынатын ДНҚ фрагменттері. Косметологияда бұл компонент инъекциялық процедуралар, соның ішінде «албырт инъекциялар» арқылы танымал болды. Ал оны күнделікті тері күтіміне арналған косметика құрамына кореялық брендтер белсенді енгізе бастады.

Қазір PDRN сарысулардың, кремдердің, тонерлер мен мата маскалардың құрамында кездеседі. Оның ішінде бағасы қолжетімді өнімдер де бар. Сондықтан мұндай құралдардың сатылымы түсімнен жылдамырақ өсіп жатыр: бұрын көбіне қымбат күтім құралдарында қолданылған компонент енді көпшілікке қолжетімді бола түсті.

Косметикада PDRN терінің қалпына келуіне ықпал ету, ылғалдандыру және тері реңкін біркелкі ету мақсатында қолданылады. Сондай-ақ өсімдік сығындылары негізінде жасалған вегандық баламалары да бар.

Спикулалар мен экзосомалар

Құрамында спикула мен экзосома бар өнімдердің сатылымы ақшалай есепте шамамен 4 есе, ал саны бойынша 3,8 есе өскен.

Спикулалар – көбіне теңіз губкаларынан алынатын, ине тәрізді өте ұсақ бөлшектер. Теріге жағылған кезде олар микроарналар түзіп, терінің жаңаруына ықпал етеді. Сондықтан мұндай өнімдерді үй жағдайында жасалатын микроинелі процедуралардың баламасы деп атайды.

Ал экзосомалар – жасушалардың бір-біріне сигналдық молекулалар жіберуіне мүмкіндік беретін өте ұсақ көпіршіктер. Косметика өндірісінде өсімдіктерден алынған немесе биотехнологиялық жолмен жасалған экзосомалар қолданылады. Олар теріні қалпына келтіруге және қартаю белгілеріне қарсы күтім жасауға арналған өнімдердің құрамына қосылады.

Церамидтер

Құрамында церамид бар өнімдердің сатылымы ақшалай есепте 36%, ал сатылған өнім саны бойынша 17% артқан.

Церамидтер – терінің үстіңгі қабатындағы жасушалар арасын байланыстырып тұратын заттардың шамамен жартысын құрайтын липидтер. Олар терідегі ылғалды сақтап, сыртқы тітіркендіргіштерден қорғайды.

Церамидтер сезімтал және құрғақ теріге күтім жасауға, оның қорғаныш қабатын қалпына келтіруге арналған негізгі компоненттердің біріне айналды. Олар кремдерге, бет жууға арналған құралдарға, тіпті шаш күтіміне арналған өнімдерге де қосылады.

Пептидтер

Құрамында пептид бар өнімдердің сатылымы ақшалай есепте 27%, ал саны бойынша 26% өскен.

Пептидтер – аминқышқылдарының қысқа тізбектері. Аминқышқылдары ақуыздардың негізгі құрылыс материалы саналады. Оның ішінде коллаген бар.

Косметикада пептидтердің әр түрі қолданылады. Олардың бірқатары терінің коллагенді өндіруін ынталандырады, кейбірімимикалық әжімдерді азайтуға бағытталған.

Пептидтер қартаю белгілеріне қарсы күтімде кеңінен қолданылатын белсенді компоненттердің бірі болып қала береді. Олар бетке арналған сарысулардың, кремдердің және көз айналасындағы теріге күтім жасау құралдарының құрамында кездеседі.