«ҚазТрансОйл» АҚ-ның шоғырландырылған таза пайдасы 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 29,86% өсіп, 51,8 млрд теңгеге жетті.
Компанияның шоғырландырылған түсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,97% артып, 279,5 млрд теңгені құрады.
Есепті кезеңде мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 35,8 млн тоннаға жетті. Бұл 2025 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 3% жоғары.
Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниялар тобына кіретін магистральдық мұнай құбырларының ұлттық операторы. Компанияның магистральдық мұнай құбырлары желісінің ұзындығы 5,2 мың шақырымды құрайды. Сонымен қатар өзге ұйымдардың жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын құбырларына операторлық қызмет көрсетеді.