KEGOC акциясы екі есе қымбаттайды – Freedom Broker

Freedom Broker сарапшылары KEGOC акцияларының нысаналы бағасын 2 300 теңгеден 2 880 теңгеге дейін көтерді. Бұл – қазіргі бағамен салыстырғанда акциялардың 94%-ға дейін өсу әлеуеті бар деген сөз. Сарапшылардың ұсынысы өзгеріссіз – «Сатып алу».

Бағалаудың жаңартылуына компанияның 2026 жылдың III тоқсанындағы қаржылық есебі негіз болған. Сарапшылар есепті оң бағалап отыр. Бұған тарифтердің өсуі нәтижесінде түсімнің артуы әсер еткен.

Соңғы бір жылда KEGOC акцияларының бағасы 7% қымбаттаған.

Сарапшылардың пікірінше, компания акцияларының одан әрі өсуіне Қазақстандағы электр инфрақұрылымының жоғары деңгейде тозуы ықпал етуі мүмкін. Желілерді жаңғырту үшін ауқымды инвестиция қажет, ал бұл тарифтерді одан әрі көтеруге алып келуі ықтимал.

Алайда инвестициялық шығындардың өсуі де тәуекел тудырады. 2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында KEGOC-тың күрделі шығындары 92% артқан.