Алматыдағы Сайран көлі маңында елдегі ең ірі коммерциялық орталық салынады

Алматыдағы Сайран көлі маңында елдегі ең ірі коммерциялық орталық салынады

Қытайлық CITIC DESIGN компаниясының сәулетшілері Алматыдағы Сайран көлінің маңында жаңа қалалық орталықтар мен Орталық Азиядағы ең ірі коммерциялық орталықтың жобасын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар мамандар биік ғимараттар салу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы SHARE Kazakhstan халықаралық сәулет форумында CITIC DESIGN компаниясының сәулетшісі Уилсон Ван мәлімдеді.

Сәулетшінің айтуынша, жобаларды әзірлеу кезінде қаланың сейсмикалық ерекшеліктері ескеріледі. Қазір биіктігі 100-150 метр болатын ғимараттар салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, биіктігі 300 метрден асатын мұнара тұрғызу жобасы да талқыланған.

Компания мамандары үшін тағы бір маңызды міндет – Алматының тарихи және сәулеттік келбетін сақтау. Сондықтан шыны қасбетті заманауи биік ғимараттарды қаланың дәстүрлі сәулетімен үйлестіру көзделіп отыр.