Жаңа бағыттарды жоспарлайтын уақыт келді! Қазақстанның жетекші лоукостері FlyArystan жолаушылар асыға күтетін «Берекелі бейсенбі» акциясы аясында кезекті жеңілдіктер науқанын ұсынады.
Қысты жылы елдерде қарсы алуды, басқа қаладағы жақындарыңызға баруды немесе жаңа елмен танысуды жоспарлап жүрсіз бе? Дәл қазір саяхатты тиімді бағамен ұйымдастыруға тамаша мүмкіндік бар, себебі ішкі рейстерге – 25%, халықаралық рейстерге – 20% жеңілдік ұсынылады.
Арнайы бағамен әуе билеттерін 2026 жылғы 5–8 қараша аралығында алуға болады. Армандаған бағытыңызды таңдап, сапарыңызды үнеммен жоспарлауға төрт күн уақытыңыз бар!
Жеңілдік 2027 жылғы 18 қаңтар мен 3 наурыз аралығындағы рейстерге арналған әуе билеттері мен тарифтік пакеттерге қолданылады. Қысқы демалыс, жаңа қаладағы демалыс күндері немесе көктемдегі саяхат болсын – сапарыңызды алдын ала жоспарлап, тиімді бағамен ұшыңыз. Арнайы бағамен ұсынылатын билеттер саны шектеулі, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Науқан авиакомпанияның барлық бағыттарына қолданылады. Алайда төмендегі бағыттар науқаннан тыс:
Алматы – Павлодар – Алматы
Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы
Әуе билеттерін авиакомпанияның ресми сайтынан жәнемобильді қосымшасынан сатып алуға болады.
«Берекелі бейсенбі» – FlyArystan компаниясының аптасайынғы науқаны. Оның аясында жолаушылар әуе билеттерінарнайы тарифтермен сатып ала алады. Бұл бастамаавиакомпанияның әуе сапарларын қолжетімді етуге жәнеҚазақстан ішінде, сондай-ақ шетелге саяхаттауға көбірекмүмкіндік ұсынуға деген ұмтылысын көрсетеді.