Келесі жылдан бастап ақылы жолдар қымбаттайды

2027–2029 жылдары ақылы автомобиль жолдарымен жүру тарифтерін кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отыр. Жеңіл автомобильдер мен салмағы 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін тарифтер 30%-ға дейін, ал 10 тоннадан ауыр жүк көліктері үшін 50%-ға дейін өсуі мүмкін. Тарифтерді жаңарту жоспарын Көлік министрлігі бекіткен.

Жаңа тәртіп көліктің барлық санатына қатысты болады. Тарифтер жыл сайын көлік құралдарының санатына қарай сараланып өсіріледі.

Көлік министрлігінің түсіндіруінше, тарифтерді қайта қарау ақылы жолдарды күтіп ұстау мен пайдалануға қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолдардың техникалық жағдайын сақтауға бағытталған.