Мұнай құны күрт құлдырады

Кеше, 4 қараша Астана уақытымен 20:00-ден 22:00-ге дейін Brent маркалы мұнай бағасы бағасы шамамен 104 доллардан 94 долларға дейін құлдырады. Бүгін баға тұрақталып, қазір Астана уақытымен 14:30-да 95,08 доллар болып тұрақтады.

Осылайша бір аптада қара алтын құны 16,59% арзандап отыр.

Мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижелері мен Иран төңірегіндегі әскери шиеленістің бәсеңдеу ықтималдығы әсер етті.

АҚШ Конгресінің екі палатасында демократтардың басымдыққа ие болуы Дональд Трамп әкімшілігінің Иранға қарсы әскери әрекеттерін жалғастыру мүмкіндігін шектеуі ықтимал. Нарық қатысушылары Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер қайта жанданып, Таяу Шығыстан мұнай жеткізу көлемі қалпына келеді деп күтеді.

Бұған қоса, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы соғысқа дейінгі деңгейге жақындаған. JPMorgan бағалауынша, әлемдік мұнай нарығында қыркүйекте тәулігіне 1,1 млн баррель, ал қазанда 1,4 млн баррель артық ұсыныс қалыптасқан.