Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры мәліметінше, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37 млрд теңге.
Соның ішінде ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 333,29 млрд теңге болды.
Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік — 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады.
- Jusan Invest АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге. Кірістілігі — 14,21%.
- Halyk Global Markets АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды. Кірістілігі — 15,55%.
- BCC Invest АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері — шамамен 5,94 млрд теңге. Кірістілігі — 16,64%.
- Сентрас Секьюритиз АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге. Кірістілігі — 13,85%.
- Halyk Finance АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды. Кірістілігі — 14,88%.