Зейнетақы басқарушылардың үшеуі инфляциядан жоғары табыс көрсетті

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстандағы зейнетақы активтерін басқарушылардың үшеуі инфляциядан жоғары инвестициялық табыстылық көрсетті. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) деректерінде айтылған.

Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) табыстылығы мынадай болды:

  • Centras Securities — 11,87%;

  • BCC Invest — 7,59%;

  • Halyk Finance — 7,41%;

  • Инфляция — 7% (қаңтар–қыркүйек);

  • Halyk Global Markets — 5,82%;

  • Alatau City Invest — 5,69%;

  • БЖЗҚ — 2,91%;

  • Tansar Capital — 0%.

Осылайша, Centras Securities, BCC Invest және Halyk Finance инфляция деңгейінен жоғары табыс көрсетті. Қалған басқарушылардың инвестициялық табыстылығы инфляциядан төмен болды.