Банктер борышкерлердің шоттағы соңғы 100 мың теңгесін алып қоя алмайды

2026 жылғы 21 қазаннан бастап Қазақстанда кешіктірілген несие берешегін өндіріп алу кезінде банктер қарыз алушының шотында кемінде 101 702 теңге қалдыруға міндетті болды. Бұл сома екі күнкөріс минимумына тең. Егер борышкер бұл бір айда жұмсап бітірмесе, қалдық келесі айға ауысады. Бұл талап 2026 жылғы 21 қазанда заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен кейін заң жүзінде бекітілді.

Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, банк төлем талабын орындау кезінде азаматтың ағымдағы шоттарындағы ақшаның барлығын өндіріп ала алмайды. Сонымен қатар шоттағы қаражаттың және заңды тұлғадан немесе жеке кәсіпкерден кейінгі түсімдердің 50%-нан артық соманы алып қоюына тыйым салынады.

Бұл талап жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына және жеке кәсіпкерлік нысанында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің шоттарына қолданылады. Қорғалатын сома бір банктегі барлық ағымдағы шоттардағы қаражатты ескере отырып есептеледі. Алайда жинақ шоттарындағы ақшаға бұл талап қатысты емес.

Банктерге осындай талап болғанымен, сот орындаушыларға мұндай міндеттеме жоқ. Егер кешіктірілген несие берешегін сот орындаушысы инкассалық өкім арқылы өндіріп алған жағдайда, шотта бір күнкөріс минимумы, яғни 50 851 теңге қалуы тиіс немесе табыстың кемінде 50%-ы қалуы керек.

Бірақ бұл тек табыстан ұстап қалуға қатысты, ал шотта бұрыннан жатқан қаражатқа бұл талап жүрмейді.

Яғни шотта қалуы тиіс аталған сома түскен табысқа қатысты есептеледі, ал бұрыннан жатқан ақшаны сот орындаушылары алып қоя алады.