Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Ұлттық қордың 1 млрд долларына АҚШ-тың инфляциядан қорғалған облигацияларын сатып алуды көздеп отыр, деп жазады Bloomberg агенттігі
Бас банк төрағасы орынбасарының, АҚШ президенті Дональд Трамптың саясаты инфляцияны жеделдетіп, әлемдік орталық банктердің негізгі мөлшерлемелерді төмендетуін бәсеңдетуі мүмкін.
«Салық жеңілдіктері, сауда соғысы, протекционизм, экономикалық ынталандыру – мұның бәрі инфляцияға ықпал ететін факторлар», — деді Молдабекова басылымға берген сұхбатында.
Сондықтан Ұлттық банк АҚШ-тың тұтынушылық бағалар индексіне байланысты пайыздық кіріс әкелетін TIPS (Қазынашылық инфляциядан қорғалған бағалы қағаздар) облигацияларына шамамен 1 млрд доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл инвестициялар алдағы екі-үш айдың ішінде жүзеге асырылатын болады және дамыған елдердің тәуелсіз қарыз портфелінің 10%-на дейін жетеді.
Сатып алынған TIPS Қазақстанның Ұлттық қорына енгізіледі, оның активтері 59 млрд долларды құрайды, оның 54 млрд доллары жоғары кіріс алу үшін жинақ портфеліне салынған.
TIPS-тен басқа, жоғары инфляция жағдайында жақсы кірісті қамтамасыз ететін басқа да активтер бар — жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым. Молдабекованың айтуынша, Ұлттық банктің баламалы инвестицияларға жауапты бөлімшесі жылжымайтын мүлік қорларына инвестиция салып үлгерген және инфрақұрылымдық қорларға инвестициялау мүмкіндігін қарастырып жатыр.