Қазақстан Ұлттық қордан түсетін мақсатты трансферттердің көлемін шектеуді жоспарлап отыр. Бұл бюджет ережесі аясында бақыланады. Оларға бюджеттік ереже қолданылады, деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме бойынша өткен брифингте.
«Біз Қаржы және Ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестермен бюджеттік норманы Ұлттық қордан қаражат алудың барлық түрлеріне тарату туралы диалог жүргіздік. Қазіргі уақытта тек кепілдендірілген трансферттер қамтылған, мақсатты трансферттер бюджеттік ереже шеңберінен тыс қалып отыр. Біз бюджеттік ережелер ақша алудың барлық түрлеріне қатысты болатыны туралы түбегейлі түсінікке жеттік», — деді Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы Ұлттық қордан қаражат алу «белгілі бір пайызда» шектелетінін айтты.
«Қазір ақылдасып жатқандықтан, нақты қанша пайыз екенін айта алмаймын. Бұл үкімет келіскеннен кейін жаричланады, бірақ жақсы жаңалық — мақсатты трансферттерді шектейтін бюджет ережелері болады. Үкімет бұл ережелердің болуы керек екенін түсінеді және олар мұнымен келіседі», — деді Сүлейменов.