Ұлттық қордағы қаражат 33 трлн теңгеге дейін азайып кетті

Ұлттық қордағы қаражат 33 трлн теңгеге дейін азайып кетті

Ұлттық қор қаражатының көлемі ақпанда қаңтармен салыстырғанда 2,9% азайып, 33 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ, бір жылмен салыстырғанда көрсеткіш 11,3% өсті. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында көрсетілген.

Ұлттық қордың валюталық активтері де бір айда 3% азайып, 29,38 трлн теңгеге тең болды. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 8,4% өсті.