Үкімет Қарашығанақта салынатын нысанды Eni мен Shell-ден тартып алды

Үкімет Қарашығанақта салынатын нысанды Eni мен Shell-ден тартып алды

Қазақстан билігі Eni және Shell компанияларына Қарашығанақ кенішіндегі ілеспе газды өңдеу зауытының жобасын бақылауды мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» компаниясына беруді бұйырды. Бұл туралы Upstream салалық басылымы өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады. Маусым айының басында дәл осы басылым үкіметтің өтініші бойынша нысандағы құрылыс жұмыстары тоқтатылғанын хабарлаған. Келіспеушілік жобаның құны мен мерзімінен туындаған.

Eni және Shell жетекшілік ететін халықаралық консорциум Қазақстаннан Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытын салу құнын бастапқы 3,5 млрд доллардан 6 млрд долларға дейін көтеруді сұрады, сонымен қатар жобаның табыстылығын қамтамасыз ету үшін шығындарды өтеу үшін 1 млрд доллар сұраған.

Энергетика министрлігі Eni және Shell компанияларының Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасынан шыққанын растады. Ел билігі үлескерлердің жобадан шығу қадамдары жоспарын күтіп отыр. 

Министрлік сонымен «ҚазМұнайГаздың» нысандағы жұмыстарды аяқтау бойынша басым мердігер болатынын да мәлімдеді. ҚМГ өз қаражаты немесе сыртқы қарыздар есебінен одан әрі жұмыстарды қаржыландыру нұсқалары қарастырылуда.