Тұтыну несиеге өтінім азайып, ипотека мен автонесиеге көбейді

Тұтыну несиеге өтінім азайып, ипотека мен автонесиеге көбейді

Ұлттық банктің несие нарығы туралы тоқсан сайынғы сауалнамасы бойынша, 2024 жылдың 4-тоқсанында Қазақстанда ипотека мен автонесиеге сұраныс артып келеді, бірақ тұтынушылық несиеге өтінім азайған.

  • ипотекалық несие алуға өтінім саны 5% өсіп, 228 мыңға жетті;
  • кепілдендірілген тұтыну несиесіне сұраныс 16%, 40,8 мыңға дейін төмендеді; 
  • кепілсіз тұтыну несие бойынша сұраныс 2% төмендеп, 20,2 млн өтінімге дейін азайды, оның себебі — мұндай несиелерді беру ережелерін қатайту болса керек;
  • автонесие бойынша өтінім 3% өсіп, 1,2 млн болды;

Мақұлдау коэффициенті ипотекаға 3%, өтінімдердің 31%-на дейін өсті; кепілдендірілмеген несие және автонесие бойынша өзгерістер жоқ (тиісінше 29% және 18%), кепілдендірілген несиегі мақұлдау көрсеткіші 5% өсіп, 36%-ды құрады.

2025 жылдың бірінші тоқсанында банктер автонесиелерге сұраныстың артуын, ипотека мен тұтынушылық несиелердің азаюын, кепілсіз несиелерге сұраныстың сол деңгейде сақталуын күтуде. 

Жалпы, 2024 жылғы маусымда бекітілген тұтынушылық несиелендіруді қатайту шараларының әсері шамалы екенін атап өтуге болады. Жақында Ұлттық банк басшысы мұны мойындап, бұл саланы реттеуді одан әрі қатайту керектігін айтты.

Заңды тұлғаларға келсек:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиеге сұранысы 10% өсіп, 930 мыңға жетсе; орта кәсіпкерлік секторында өсім 2% ғана, 4,7 мыңға дейін ұлғайған;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілерінен сұраныс 9%, 214 өтінімге дейін өсті, бірақ оның орташа мөлшері 13%, 8,8 млрд теңгеге дейін төмендеді;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие өтінімдерін мақұлдау мөлшерлемесі 33%-ға дейін төмендеді, орта бизнеске – 41% қалды, ал ірі бизнеске – 60%-ға дейін өсті.