Төрт үйдің үшеуі табиғи апат қаупінде: міндетті сақтандыру енгізілмек

Төрт үйдің үшеуі табиғи апат қаупінде: міндетті сақтандыру енгізілмек

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыруды енгізуді ұсынып отыр. Бұл заң жобасы Ашық НҚП порталында жарияланған. Ол жер сілкінісі, су тасқыны және орман өрті сияқты табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтар үшін қаржылық қауіпсіздік желісін құруды ұсынады.

Құжатта былай делінген: «ЮНИСЕФ мәліметінше, Қазақстан аумағының 75%-ға жуығы табиғи апаттардың жоғары қаупіне ұшырайды, бұл азаматтардың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіреді. Бұл ретте табиғи апаттан қорғалған тұрғын үйлермен қамту республика бойынша небәрі 3,2%. Жер сілкінісі мен су тасқыны қаупі жоғары Алматыда бұл көрсеткіш 7,7%».