2025 жылдың қаңтар–шілде айларында қазақстандық банктердің пайдасы 1,6 трлн теңгеге жетті
Қазақстандық банктердің 2025 жылғы жеті айдағы пайдасы 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1% немесе 252,5 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Шілде айында қазақстандық банктердің таза пайдасы 262 млрд теңгені құрады. Бұл – жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш, әрі өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 13% (30 млрд теңгеге) жоғары.
Жалпы айлар бойынша пайда былай:
- қаңтар – 228,4 млрд теңге;
- ақпан – 220,3 млрд теңге;
- наурыз – 215,1 млрд теңге;
- сәуір – 240,5 млрд теңге;
- мамыр – 238,6 млрд теңге;
- маусым – 235,7 млрд теңге.
Жекелеген банктер бойынша толығырақ статистика Ұлттық банк тарапынан тамыз айының соңында жарияланады.