2025 жылдың І жартыжылдығында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы ҚР-ға шетелден 105,4 млрд тг түскен, бұл инфляцияны есепке алмағанда бір жыл бұрынғыдан 12% төмен.
Қазіргі көрсеткіші номиналды түрде тіпті 2016 жылдан бергі аралықтың өзінде ең төменгі деңгейде, ал егер соңғы жылдары бағаның өсуін есепке алып, тұтынушылық инфляцияны ескеретін болсақ, онда бұл көрсеткіш кем дегенде 2014 жылдан бергу ең төменгі деңгейде болып тұр (оған дейінгі дерек жоқ).
ХААЖ арқылы шетелге жіберілген аударымдар да азайған. 2025 жылдың қаңтар-шілде аралығында көлемі 321,2 млрд тг құрады, номиналды түрде бір жыл бұрынғыдан 16% төмен. Бұл мән де антирекорд орнатты: тағы да инфляцияны есепке алмағанның өзінде 2020 жылдан бергі, ал салыстырмалы бағалармен қайта есептегенде 2015 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болып тұр.