Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға жетті

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға жетті

Ресми статистика деректеріне сәйкес, өткен жылы ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өсуі байқалады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі хабарлады. 

«2024 жылдың 4 тоқсанында экономикадағы ШОБ үлесі 39,7%-ы құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 3,2 пайыздық тармаққа артық. 2024 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2,2%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылғы 4 тоқсанда 19,2% ұлғайып, 81 трлн теңгені құрады.