2024 жылы «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарының таза пайдасы 3,3 трлн теңгені құрады. Бұл топтың шоғырландырылған қаржылық есебіне сәйкес 2023 жылмен салыстырғанда (2,1 трлн теңге) 55,5% көп.
3,3 трлн теңгенің 2,35 трлн теңгесі бас компания акционерінің үлесіне, 948,2 млрд теңгесі бақыланбайтын үлеске тиесілі.
Таза пайда мына салалар бойынша бөлінді:
- мұнай-газ секторы – 1,39 трлн теңге;
- кен өндіру – 1,2 трлн теңге;
- корпоративтік орталық – 1 трлн теңге;
- энергетика – 202 млрд теңге;
- тасымалдау – 159,7 млрд теңге;
- байланыс – 77,9 млрд теңге;
- өнеркәсіп – 23,2 млрд теңге;
- басқа – 56,7 млрд теңге.
Шоғырландырылған есеп қордың «ҚазМұнайГаз», «ҚТЖ», «Қазатомөнеркәсіп», «Самұрық-Энерго», «Қазақтелеком», «Қазпочта», «KEGOC», «Эйр Астана» және басқалары сияқты еншілес ұйымдарының, сондай-ақ бірлескен және ілеспе кәсіпорындардың нәтижелерін қамтыды.
2024 жылы топтың кірісі 16,4 трлн теңгені, сатылған тауарлар мен қызметтердің құны 12,4 трлн теңгені құрады. Жалпы пайда 3,99 трлн теңгеге, табыс салығына дейінгі пайда 4,23 трлн теңгеге жетті. Табыс салығы бойынша төлемдер 26% өсіп, 925,5 млрд. теңгеге жетті.