Салық көп жиналса да бюджет кірісі күрт азайып кетті

Салық көп жиналса да бюджет кірісі күрт азайып кетті

2024 жылдың қаңтарында республикалық бюджетке кіріс жоспардан 31,5% аз түсті – 2,15 трлн теңгенің орнына 1,46 трлн теңге, делінген Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметінде.

Әдетте табыстың азаюы салық түсімдерінің төмендеуімен байланысты болады. Алайда қаңтардағы жағдай басқаша болды: бюджетке күтілгеннен де көп салық түсті – 771,8 млрд теңгенің орнына 777,9 млрд теңге.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 94,5% – 359,3 млрд теңгеге, ҚҚС – 95,2%, 292,1 млрд теңгеге дейін, акциздер – 74,9%, 8,7 млрд теңгеге дейін орындалды.

Табиғи ресурстарға, кәсіпкерлік қызметке және халықаралық саудаға салынатын салықтардың жоспары асыра орындалды. Алайда салықтық емес түсімдер күткенді ақтамады: 215,2 млрд теңгенің орнына 30,5 млрд теңге ғана түсті.

Жалпы, Ұлттық банк Ұлттық қордан уәде еткен трансферттердің жартысын ғана аударғандықтан, бюджет кірісі қысқарды. Ұлттық қордан бюджетке кепілдендірілген трансферт жоспарланғандай 400 млрд теңгені құраса, 650 млрд теңге болуы тиіс нысаналы трансферт 76,9% азайып, 150 млрд теңге ғана болды.

Қаңтарда республикалық бюджеттен 1,8 трлн теңгенің орнына 1,4 трлн теңге немесе 75,3%-ы игерілді. Нәтижесінде, жылдың бірінші айында бюджетте 55,8 млрд теңге профицит болды, ал жоспар бойынша 198,6 млрд теңге болуы тиіс еді.