2025 жылғы қаңтар-мамырда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі бойынша нақты көлем индексі – 104,1% құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырда – 101.2%), деп хабарлайды статбюро.
2025 жылғы қаңтар-мамырда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі жедел деректер бойынша 35,5 млрд теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырдағы көлемімен салыстырмалы бағаларда 4,1%. Оның 8,6 млрд теңгесі халыққа көрсетілген.
Пошта және курьерлік қызметтердің басым бөлігі Алматы қаласында көрсетілген – жалпы көлемнің 58,9%, ақшалай мәнде бұл 20,8 млрд теңгені құрады. Екінші орында Астана – 4,8 млрд теңге.
Айта кетейік, курьерлік қызмет бір жылда 3,3%, ал сәлемдеме жіберу 17,7% қымбаттаған.