Қоғамдық тамақтану орындары былтыр 1,3 трлн теңге табыс тапты

Қоғамдық тамақтану орындары былтыр 1,3 трлн теңге табыс тапты

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қоғамдық тамақтану орындарында тағамдар мен сусындарды сатудан түскен табысы ҚР бойынша 1,3 трлн теңгеге жетті. Сегменттегі бағаның өсуін ескере отырып есептегенде, бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы айларына қарағанда 10% көп.

Көрсеткіштің жартысына жуығы Астана мен Алматыға тиесілі — 625 млрд теңге,  нақтырақ айтқанда 47%-ы. Соңғы 5 жылда көрсеткіш қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, орта есеппен, 45% деңгейде болған еді. Ал 10 жыл бұрын тек үштен бірін ғана құрайтын. 

2024 жылы Алматы мен Астана өңірлер арасында тамақтану орындарының табысы бойынша алғашқы екі орынды иеленді: тиісінше 318,5 млрд теңге және 306,5 млрд теңге. Ал өсу қарқыны Астанада әлдеқайда жоғары болды (инфляцияны ескергенде жылдық +23%). Алматыда 2023 жыжы қаладағы табыс көлемі төмендегеніне (-6%) қарамастан +8% болды.

Екі астана үшін де ең табысты ай желтоқсан болды: 12 айдағы жалпы табыстың 14%-ы осы айларға тиесілі.