ҚазМұнайГаз өндірген мұнайды сыртқа тасуды азайтып, елде өңдеуді көбейтті

ҚазМұнайГаз өндірген мұнайды сыртқа тасуды азайтып, елде өңдеуді көбейтті

ҚазМұнайГаз 2025 жылдың I тоқсанында мұнай өндіруді 5,8% арттырды.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша:

  • Мұнай және конденсат өндіру – 6,42 млн тонна (+5,8%),
  • Газ өндіру — 2,84 млрд м³ (+12,7%),

Негізгі өсім Теңіз кенішіндегі өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді. 

Мұнай өңдеу — 5,14 млн тонна (+11,1%), оның ішінде:

Мұнай өнімдерін өндіру — 4,76 млн тонна (+10%)

  • Бензин: +26,1%
  • Дизель отыны: +10,1%

Мұнай тасымалдау — 20,92 млн тонна (–2,9%)Каспий теңізінде және ашық маршруттарда (Қара және Жерорта теңіздері) төмендеу тіркелді.

  • Полипропилен өндірісі — 47,7 мың тонна (+69,1%)
  • Полипропиленді сату — 44,7 мың тонна (+50,5%)
  •  Мұнай сату — 6,33 млн тонна (+3,4%), оның 66,1% экспортқа шығарылды.