Қазатомөнеркәсіп İİ тоқсан мен I жартыжылдық бойынша операциялық нәтижелерін жариялады. Қаңтар-маусым айларындағы негізгі көрсеткіштер:
- топ бойынша уран өндірісі 11% өсіп, 6,43 мың тоннаға жетті;
- сатылым көлемі 2% қысқарып, 7,62 мың тоннаны құрады;
- U3O8 уранының бір фунтына орташа сату бағасы 66 доллардан 58 долларға дейін төмендеп, 12% азайды.