Маусым айының қорытындысы бойынша, Қазақстанның таза халықаралық резерві 366 млн долларға немесе 0,73% азайып, 49,8 млрд долларды құрады, делінген Ұлттық банк статистикасында. Көрсеткіш жыл басынан бері екінші ай қатарынан төмендеп отыр.
Жалпы халықаралық резерв бір айда 282 млн долларға (-0,54%) азайып, 52 млрд доллар болды. Олар еркін айырбасталатын валютадағы активтерден және монетарлық алтыннан тұрады.
Маусым айында валюталық резервтер 903 млн долларға (-4,37%) азайып, 19,7 млрд долларға жетті, ал алтын қоры керісінше 622 млн долларға (+1,96%) өсіп, 32,2 млрд долларға жетті.
Жалпы, жыл басынан бері шетел валютасындағы активтер 9,96% қысқарса, монетарлық алтын 35,29% өсті. Алтынды сатып алу және бағалы метал бағасының өсуі арқасында таза халықаралық резервтер қаңтармен салыстырғанда 14,41% өсті.
Бұл ретте Ұлттық қордың активтері бір айда 1% өсіп, 60,3 млрд долларға жетті.