Қазақстандағы ІТ-дің болашағы қалыптасатын жер

Қазақстандағы ІТ-дің болашағы қалыптасатын жер

31 мамырда Алматыда QazCode-тың ұйымдастыруымен Қазақстанның IT-қауымдастығы үшін аса маңызды оқиғалардың бірі – beetech conf IT-конференциясы өтеді. Конференция бесінші жыл қатарынан цифрлы технологиялардың болашағын қалыптастырып жатқан кәсіби мамандарды біріктіруде.

Бір алаңда стартаперлер, әзірлеушілер, инженерлер, agile-коучтар, жасанды интеллект мамандары және саланың энтузиастары жиналады. Қатысушылар негізгі трендтерді талқылайды, кәсіби тәжірибесін бөліседі және халықаралық деңгейде танылған тәжірибелерді ұсынады

Биылғы іс-шараны QazCode, Beeline Қазақстан және DAR – елдегі IT индустрия мен қауымдастықты белсенді түрде дамытып, әлемдік деңгейге сәйкес келетін сараптаманы арттыруға мүдделі компаниялар ұйымдастырады. Былтыр QazCode пен DAR Қазақстандағы ең ірі IT консорциумды құрды, оның мақсаты – кадрларды дамыту және IT қызметтердің сапасын жақсарту.

AI & Beyond - жаңа стрим және жылдың басты фокусы

beetech conf конференциясының биылғы басты тақырыбы – жасанды интеллект. Бүгінде ЖИ тек IT саласына ғана емес, бизнеске, білімге, медиаға және күнделікті өмірге де әсер етуде. Технологиялар әлемді қалай өзгертіп жатқанын талқылау үшін ұйымдастырушылар жаңа стрим – AI & Beyond-ты іске қосуда. Оның ерекшелігі – әртүрлі көзқарастар мен терең талдау ұсынатын Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуы.

Стрим бағдарламасы — ЖИ-дің болашағын талқылау, шешімдерді енгізу кезінде жіберілген қателерді талдау және техникалық мәліметтерге терең үңілу. Елдан Абрашим (Apple) халықаралық корпорациялардағы ЖИ-дің жұмысы туралы айтып берсе, Ренат Алимбеков консалтинг саласына ЖИ-ді енгізу тәжірибесін бөліседі, ал Михаил Шкорин (Verigram) deepfake тақырыбы мен алаяқтықтан қорғану әдістерін ашады.

General – инженерлік тәжірибелер және басқару

Екінші стрим – General – Engineering және Management тақырыптарын қамтиды. Ол инженерлік тәжірибелерге, шешім архитектурасына және командаларды басқаруға арналған. Спикерлердің бірі – Agile-әдістемелер сарапшысы Антон Зотин. Ол өз баяндамасында командалардың ауқымын кеңейткенде Agile мәнін қалай сақтауға болатынын және бұл тәсіл неге тек әзірлеуде ғана емес, HR, операциялық қызметтер және басқа бизнес-функцияларда да жиі қолданылатынын түсіндіреді.

Жамшидхан Ахмедов (Beeline Қазақстан) өнім жауапкершілігін бизнес департаментіне беру арқылы әзірлеу процестерін жеделдетуге және негізгі метрикаларға қалай әсер еткенін көрсететін кейс ұсынады. Ал Олжас Қайыржанов (Kolesa Group) тәжірибелік мәселені – сатып алушыларға IT қызметтерді қалай тиімді ұсынып, монетизациялауға болатынын көтереді.

Бұл екі стримнің спикерлері мен басқа да спикерлер тиімділігі дәлелденген тәжірибелік кейстерді, стратегиялар мен тәсілдерді бөліседі.

Баяндамамен қатысу өтінімдерін қабылдау бірнеше ай бұрын басталған. Қатысушылар өз тақырыптарын конференцияның beetech.kz веб-сайты арқылы ұсына алды. Барлық ұсыныс қатаң іріктеуден өтіп, контент сапасын ұйымдастырушы компаниялардың қызметкерлерімен қатар тәуелсіз сарапшылар да кіретін, арнайы құрылған бағдарламалық комитет қадағалады. Бұл — тәжірибелік құндылық пен өзектілікке бағытталған бағдарлама жасауға мүмкіндік берді.

QazCode: жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге

Қазақстандағы ЖИ саласының жетекшілерінің бірі ретінде QazCode өз ЖИ шешімдерін ел ішінде де, шетелде де белсенді түрде енгізуде. beetech conf конференциясында компания өз әзірлемелерін арнаулы стендте таныстырады, сол жерде қатысушылар технологияларды іс жүзінде көріп, әзірлеуші топтармен тікелей сөйлесе алады.  Ұсынылған шешімдер арасында: AI Tutor – қазақ тілінде білімді тәжірибе жүзінде шыңдауға көмектесетін жүйе, AI RAG – іздеу мен мәтін генерациясын біріктіріп, сұраныстарды жылдам әрі дәл өңдеуге арналған жүйе, сондай-ақ KazLLM – ISSAI NU және Astana Hub-пен әріптестікте, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен әзірленген, MWC Barcelona 2025 көрмесінде халықаралық деңгейде мойындалған ұлттық тілдік модель бар.  

Осы тұрғыда конференция ЖИ дамуының жетістіктері мен қиындықтарын талқылауға арналған тамаша платформаға айналуда.

Конференция аясында QazCode компаниясының CEO-сы Алексей Шаравар да сөз сөйлейді. Ол халықаралық корпорациядан IT-команданы қалай бөліп шығарғанын, бастапқы кезеңде қандай қиындықтарға тап болғанын және қазір жаһандық нарыққа шығу стратегиясы қалай құрылып жатқанын баяндайды. QazCode-тың Таяу шетел, Орталық Азия және Еуропа елдерінде сәтті жүзеге асқан кейстері бар.

Жаңа және сүйікті форматтар

Конференцияға енгізілген жаңалықтардың бірі – қатысушылардың тәжірибесін жақсартуға арналған мобильді қосымша және speed-менторинг. Бұл әртүрлі салалардағы сарапшылармен қысқа жеке сессияларда жұмыс мәселелерін талдау, тәжірибе алмасу және нақты кеңестер алу. Қосымша арқылы алдын ала тіркелуге болады, сол жерде кесте, кеңістік картасы, стримдерге тіркеу, қолдау және интерактивтер қолжетімді.

Бағдарламада қатысушыларға ұнайтын форматтар – воркшоптар және арнаулы отырыстар сақталған. Соңғысы – сарапшылармен ашық талқылау, онда әркім өз пікірін білдіре алады. Ұйымдастырушылар бұл форматты «тірі подкастар» деп атайды.

Биылғы арнаулы отырыстар тақырыбы - технологиялар, еңбек нарығы және дизайнның тоғысы. Қатысушылар, егер AI қолдауын толықтай енгізсе, жалпы IT саласында адам қажет пе деген сұрақты талқылайды және компаниялардың кадр саясатын қалай қайта қарастырып жатқанын қарастырады.  Басқа пікірталаста дизайнерлер: трендтерге ілесу керек пе, әлде өзіндік стиль қалыптастыру маңызды ма? - деген мәселені талқылайды. Әсіресе, бірегейлік пен өзіндік ерекшелік барған сайын маңызды бола түскен қазақстандық нарық тұрғысынан қарастырады. Сонымен қатар, арнаулы отырыс алаңында IT-дің аймақтық дамуы мен әртүрлі компанияларда инженерлік мәдениетті қалыптастырудағы қиындықтар мәселесі ашылады.

Конференцияның индустрияға ықпалы

beetech conf by QazCode сияқты конференциялар мықты әрі ұйымдасқан IT-комьюнити қалыптастыруға көмектеседі. Қатысушылар пайдалы байланыстар орнатып, халықаралық тәжірибеге қол жеткізеді және өз жобаларына жүзеге асыруға шабыт алады. Осының бәрі қазақстандық IT мамандар мен өнімдердің шетелдік баламаларынан кем түспейтінін дәлелдей түспек. Көптеген шешім елден тыс жерлерде сәтті қолданылып жатыр, ал біздің командаларымыздың тәжірибесі халықаралық деңгейде сұранысқа ие.

Аймақтардан келген қонақтар мен стартап бастаушылар үшін бұл – қолдау алу, тәжірибелі мамандардың пікірін тыңдау және өздерін көрсету мүмкіндігі.  

Бағдарлама ашық әрі көпқырлы болып қала береді: ол тек әзірлеушілерге ғана емес, технологиялармен айналысатын кез келген адамға қызықты болмақ.

Толық бағдарлама және билеттер ресми сайтта: beetech.kz.