Ливия жағалауында 1 млн баррель мұнай артқан Vilamoura танкерінің бортында жарылыс болды, деп хабарлайды DW Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға 30 маусымда болған.
Басылымның мәліметінше, кеме гректің TMS Tankers компаниясына тиесілі. Оның өкілінің айтуынша, жарылыс салдарынан кемеде су ағып, танкердің машина бөлмесін су басқан. Мұнай ағып кеткен жоқ, экипаж зардап шеккен жоқ. Жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ, кеме келтірілген шығынды бағалау үшін Грекияға сүйретіліп бара жатыр, деп атап өтті TMS Tankers өкілі.
Бақылау қызметінің мәліметінше, бір күн бұрын Vilamoura танкері қазақстандық мұнайды тиеу үшін ресейлік мұнай терминалдарына екі рет кірген. Сәуірде – Ленинград облысындағы Усть-Луга портында, мамырда – Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының терминалында. Кеме бортындағы жарылыс Ливияның Зейтин портынан Гибралтарға қарай сапар шегу кезінде болды.
Vanguard Tech компаниясының мәліметінше, биыл тағы төрт кеме жарылардан бұрын ресейлік порттарға ресейлік порттарға тоқтаған.