ЕО Қазақстанның ірі сауда серіктесі және ҚР сыртқы саудасының 30% құрайды. Өзара сауда динамикасы сауда көлемінің жыл сайынғы өсіп келеді.

Жалпы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың 3 айында 10,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5% жоғары (9,1 млрд. АҚШ).

Сонымен бірге Қазақстан ЕО-ға машина жасау, темір және болат өндірісі, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда 2,3 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға өңделген тауарлардың 175-тен астам түрін ұсына алады.

Сондай-ақ, астықтың ірі өндірушісі бола отырып, Қазақстан жаһандық азық-түлік күн тәртібін іске асыруда ЕО-ның стратегиялық серіктесі бола алады.

2022 жылы Еуроодақ елдерінен Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі cоңғы 10 жылда рекордтық көрсеткішке жетті. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Еуроодақтан Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар көлемі шамамен 23% өсіп, $1 12,5 млрд құрады.

Бүгінгі таңда Еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания Shell, Eni, Total, Air Liquide, Alstom, Siemens, Linde Group сияқты әлемдік алыптарды қоса алғанда, Қазақстан экономикасының түрлі секторларында табысты жұмыс істеп жатыр.