BCC Invest сарапшылары Қазақстан экономикасының қызып бара жатқанын айтып, дабыл қағады.
«2024 жылы өсімнің негізгі драйвері ішкі тұтынушылық сұраныс болды – сауда жалпы ішкі өнім өсімінің үштен бірін құрады. Яғни, негізгі үлес өндірістің нақты өсімі есебінен емес, тұтынуды ынталандыру есебінен болды», — делінген баяндамада.
Экономиканың қызып кетуіненақты ЖІӨ-нің әлеуеттен асып кетуі дәлел. Бұл жағдай инфляцияның өсуіне және соның салдарынан базалық мөлшерлеменің одан әрі көтерілуіне әкелуі мүмкін. Бұл жеке және заңды тұлғалардың несиесі бұдан да қымбаттайды деген сөз.
ІЖӨ өсімінің құрылымында тұтынудағы теңгерімсіздік сақталатын болса, бұл отандық өндіріске кері әсерін тигізеді. Ал «фискалдық ынталандыруға шамадан тыс тәуелділік» үкіметтің дағдарыс жағдайында экономикаға мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігінің шектелуіне әкелуі мүмкін. Өйткені қомақты қаржы қазірдің өзінде түрлі ынталандыруға жұмсалып жатыр.