Қазақстан Үкіметі Президент қарауына Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің қор нарықтарына брокерлер мен дилерлердің өзара қолжетімділігі туралы келісімді тапсырды.
Аталған келісімге ЕАЭО елдері 2025 жылдың қаңтар айында қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, брокерлер тіркелген елдерінің ережелері бойынша жұмысын жалғастырады. Алайда олар ЕАЭО-ға мүше басқа елдердің нарықтарына жергілікті нарық қатысушыларымен тең дәрежеде қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар, бір одақтас мемлекеттің брокерлері мен депозитарийлері басқа мемлекеттердің депозитарийлерінде есепшоттар аша алады.