Былтыр «Самұрық-Қазына» вьетнамдық Sovico Group-қа сатқан QazaqAir әуе компаниясы атауын VietJet Kazakhstan деп өзгертеді. Тиісті келісімге Астанада өткен Қазақстан-Вьетнам іскерлік дөңгелек үстелі аясында қол қойылды. Sovico Group портфолиосына вьетнамдық VietJet авиакомпаниясы кіреді.
Форум барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов QazaqAir-ті сату жөніндегі мәміле толығымен жабылыпғанын хабарлады.
«SOVICO Group пен VietJet Air компаниясының VietJet Kazakhstan жаңа брендімен Qazaq Air компаниясын басқаруға және қызметіне қатысу ниетін жоғары бағалаймыз.Аймақтағы маршруттар желісін кеңейту көлік байланысын нығайтады және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін жасайды», — деп атап өтті Жақыпов.
QazaqAir 2023 жылғы ұлттық жекешелендіру жоспары аясында сатылымға шығарылды, бірақ барлық шарттарды орындаған қатысушылардың болмауына байланысты сауда бірнеше рет үзілді. Сатып алушы келісім аясында әуе компаниясының «Самұрық-Қазынаға» 38 млрд теңге қарызын өтеуге міндетті болды.
Сонымен қатар, вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин аталған вьетнамдық компанияның Қазақстандағы әуежайлардың бірін сатып алуы мүмкін екенін мәлімдеді.