Қай компаниялар зейнетақы жинағын ең көп ұлғайтты?

Қай компаниялар зейнетақы жинағын ең көп ұлғайтты?

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 065,95 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 630,73 млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 372,84 млрд теңге.  

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,38 млрд теңге.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,14%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,49%, МҚҰ - 1,37%.

2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – 40,37%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.

Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы мамырдан бастап 2025 жылғы сәуірді қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,63 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 13,35%, инфляция мөлшері - 10,70%.

БЖЗҚ-дан бөлек, зейнетақы жинағының жартысын жеке басқарушы компанияларға да беруге боладя. Ал олардың табыстылығы төмендегідей:

  • BCC Invest АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері — шамамен 6,17 млрд теңге. Соңғы 12 айдағы табыстылығы — 17,45%.
  • Halyk Global Markets АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,46 млрд теңге болды. Табыстылығы — 16,74%.
  • Halyk Finance АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,74 млрд теңге. Табыстылығы — 16,49%.
  • Jusan Invest АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,70 млрд теңге. Табыстылығы — 16,42%.
  • Сентрас Секьюритиз АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері — шамамен 2,31 млрд теңге. Табыстылығы — 15,66%.