Қаңтарда қазақстандықтар қор нарығында жаңадан 39 мың шот ашты

Қаңтарда қазақстандықтар қор нарығында жаңадан 39 мың шот ашты

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың қаңтар айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.

KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылдың қаңтарында 23,7 трлн теңгені құрады және желтоқсанмен салыстырғанда 9,2% немесе 2,4 трлн теңгеге төмендеді.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,5% өсіп, 3 299,91 тармақты құрады. -

Акциялар нарығын капиталдандыру 2,5%, 21,7 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,3%, 14,4 трлн теңгеге дейін төмендеді.

2023 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 228 эмитенттің 579 атаудағы беймемлекеттік бағалы қағаздары болды.

2023 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-да 545 431 жеке тұлғаға ашылған 578 673 жеке қосалқы шот болды. Қаңтар айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 38 972 жаңа дербес қосалқы шотты тіркелді.