Қаңтар-мамырда қант өндірісі 10 есе ұлғайды

Қаңтар-мамырда қант өндірісі 10 есе ұлғайды

2025 жылғы қаңтар–мамыр айларындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда негізгі азық-түлік түрлерін өндіруде оң динамика байқалды. 

Сиыр еті өндірісі 133,6 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4% артты. Құс еті өндірісі 6,1% өсіп, 157,7 мың тоннаға жетті.

Сүт өңдеу саласында да өсім байқалады: сүт өндірісі 3,9% артып, 273,5 мың тоннаны, айран – 5,4% өсіп, 37,1 мың тоннаны, сары май – 12,7% көбейіп, 15 мың тоннаны құрады. Тауық жұмыртқасы 1,79 млрд дана көлемінде өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3% көп.

Дәнді және майлы дақылдар өнімдері сегментінде айтарлықтай өсім тіркелді. Бидай ұны өндірісі 6,5% артып, 1438,3 мың тоннаны, қарақұмық жармасы – 19,4% (10,7 мың тонна), макарон өнімдері – 7,8% (63,7 мың тонна) жетті.

Күнбағыс майы өндірісі 21,7% өсіп, 334,5 мың тоннаны, күріш өндірісі 21% артып, 84,5 мың тоннаны құрады.

Қант өндірісі 10 есе артып, өткен жылғы 6,1 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін өсті. Тұз өндірісі 6,1% өсіп, 169,3 мың тоннаны құрады.