Қайталама нарықта үй арзандап жатыр

Қайталама нарықта үй арзандап жатыр

Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасының төмендеуі жалғасуда, деп хабарлайды Krisha.kz сарапшылары. Мониторинг жүргізілген 18 қаланың тоғызында ақпан айында пәтерлер арзандаған. Баға бір айда ең көп 2,4% Ақтауда төмендеді.

Сондай-ақ Қарағанды ​​мен Петропавлда (-0,7%), Қостанайда (-0,9%), Семейде (-0,2%), Атырауда (-1,1%), Қызылордада (-0,4%), Талдықорғанда (-0,6%) және Түркістанда (-1,1%) баға төмендеді. 

Тоғыз қалада да пәтерлер қымбаттады. Бағаның ең көп өсуі Астана қаласында (айына 1,8%) байқалды. Алматы мен Шымкентте бағалар аздап өсті – тиісінше 0,4% және 0,2%.

Сонымен қатар, баға Орал (0,2%), Өскемен және Көкшетау (0,4%), Павлодар (0,3%), Тараз (1,4%), Ақтөбе (0,9%) қалаларында өсті.

Бүгінде Алматыда баспананың шаршы метрі 724 мың теңге, Астанада 485 мың, Шымкентте 421 мың теңге тұрады.Қазақстандағы ең арзан пәтерлерді Қызылордада – шаршы метрі 238 мың теңге, Ақтөбеде – 290 мың теңге, Талдықорған – 301 мың.

2023 жылдың ақпанымен салыстырғанда Қазақстанда орташа ұсыныс бағасы бір жыл ішінде 1,4% төмендеді. Теріс динамика 13 қалада 0,5–5% аралығында байқалды. Осы кезеңде бағаның максималды төмендеуі Петропавл және Өскемен қалаларында (-4,6%) болды. Бұл ретте баға төрт қалада өсті: Ақтау (2,3%), Алматы (1,4%), Тараз (0,6%), Астана (0,2%).