Ozon Holdings PLC 2025 жылдың II тоқсанының аудиттелмеген қаржылық нәтижесін жариялайды. Компания алғаш рет біржолғы пайдаларды санамағанда 2,2 млрд теңге таза пайда алды, ал түзетілген EBITDA 249 млрд теңге мөлшеріндегі рекордтық мәнге жетті.
2025 жылдың II тоқсанында Ozon табысы 87% өсіп, 1,45 трлн теңгені құрады. Қызметтерді қоса алғанда, 2025 жылдың II тоқсанындағы айналым (GMV) бір жылда 51%, яғни 6,09 трлн теңгеге өсті. Маркетплейстің Қазақстандағы айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңінің қорытындысына қарағанда 1,5 есе артты.
II тоқсанның нәтижесі бойынша компанияның 60,5 млн белсенді сатып алушысы бар, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 18% көп. Қазақстандағы өсу қарқыны едәуір жылдам: бір жыл ішінде республикадағы белсенді сатып алушылар базасы 1,5 есе өскен. Клиенттердің адалдығы да артуда: орташа алғанда, әрбір сатып алушы Ozon-нан жылына 30-дан астам тапсырыс береді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6 тапсырысқа көп.
Нәтижесінде, 2025 жылдың II тоқсанында компания өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үштен екіге көбірек жеткізген – 539,4 млн. Қазақстандағы тапсырыстар саны одан да жылдам — 2 есе өскен.
Компания қойма алаңдарын үштен бірге, яғни 3,7 млн шаршы метрге дейін ұлғайтты. Қазақстан Республикасындағы компанияның логистикалық қуаттылығын Алматы фулфилмент-орталығы мен сұрыптау орталығы, Астана фулфилмент-орталығы мен сұрыптау орталығы, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Өскемендегі бес сұрыптау орталығы қамтамасыз етіп отыр.
* Есепте 2025 жылдың II тоқсанындағы орташа бағам бойынша рубльден теңгеге аударылған.