2025 жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 35 млрд теңгеге Отбасы банкінің облигацияларын сатып алды, деп хабарлайды қор мәліметінде.
Бұған дейін де, 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, БЖЗҚ портфелінде Отбасы банкінің екі шығарылыммен 50,5 млрд теңге облигациясы болған. Осылайша, Отбасы банкінің зейнетақы қорына қарызы 85,5 млрд теңгеге жетті. Бағалы қағаздардың құны қазір 92,4 млрд теңге деп бағаланады.
Айта кетейік, сәуірде банк БЖЗҚ-дан 35 млрд теңгемен қатар, басқа көздерден де 15 млрд теңге тартқан. Осылайша, сәуірдің өзінде банк 50 млрд теңге қарызданып отыр.
Аталған қаражат Наурыз бағдарламасы арқылы жеңілдетілген ипотека беруге жұмсалмақ.
Жалпы, банк әлі де облигация шығарып, жалпы 200 млрд теңге қарыз алмақ.