2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда жалпы ауданы 43 мың шаршы метр болатын 266 минимаркет пайдалануға берілді. Олардың нақты құны 16,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Пайдалануға берілген минимаркеттердің басым бөлігі Түркістан (35 нысан) және Атырау облыстарында (32 нысан).
Сонымен қатар 9 айдың ішінде жалпы ауданы 63,7 мың шаршы метр болатын 90 супермаркет пайдалануға берілді. Олардың жалпы құны 34,5 млрд теңгені құрады. Супермаркеттердің көпшілігі Шымкент қаласында (31) және Жамбыл облысында (19) ашылды.