2025 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 4 374,7 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-сәуірден (салыстырмалы бағамен) 13,7% көп.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Жамбыл (66,8%), Жетісу (63,8%), Түркістан (55,7%), Шымкент қаласы (54%), Алматы қаласы (35,6%), Астана қаласы (35,5%), Маңғыстау (25%) және Алматы (23,6%) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (40,4%), Ұлытау (29,3%) және Солтүстік Қазақстан (9,9%) облыстарында байқалды.
Инвестицияның едәуір үлесін Алматы қаласы (12,4%) және Астана қаласы (11,6%) алады.
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
Жалпы шығындардың 67,5% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 27,6% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-сәуірде 2 897,7 млрд теңгені немесе жалпы көлемнің 66,2%.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 22,1% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3 есе ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,5% алады.
2025 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (39,5%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына –18,7%, өңдеу өнеркәсібіне–12,7%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20,9%), көлік және жинақтауға (13,2%), білім беру (9,7%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (3,8%) тиесілі.