Наурызда доллар 505-515 теңге аралығында болады — сарапшы

Наурызда доллар 505-515 теңге аралығында болады — сарапшы

Автор: Мадина Қабжалалова – Halyk Finance Талдау орталығы

Ақпан айында KASE сауда-саттық көлемінің 2025 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда шамалы өсімі байқалды. Осылайша, айдың аяғында сауда көлемі қаңтардағы 4,5 млрд доллармен салыстырғанда 4,7 млрд долларды құрады. Ұлттық Банктің қор биржасында валютаны таза сатуы есепті кезеңде шамамен 1,1 млрд доллар болды (қаңтарда 1,3 млрд доллардан астам).

Бұрын бекітілген кестеге сәйкес, ақпан айында бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 600 млн доллар айырбасталды (қаңтарда – шамамен 850 млн доллар, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ облигациялық несиесі есебінен Талдықорған-Үшарал магистральдық газ құбырының құрылысын қаржыландыру). Өткен айда Ұлттық қордан түскен сату үлесі жалпы сауда көлемінің 13%-ын құрады, бұл қаңтардағыдан айтарлықтай төмен, сол кездегі үлес сауданың жалпы көлемінің бестен бір бөлігін құрады.

Сонымен қатан, отандық алтын өндіруші компаниялардан сатып алынған алтынды сатудан түскен АҚШ долларын сатуды көздейтін кері теңестіру тәжірибесін жалғастыру нәтижесінде 250 млрд теңге (немесе орташа айлық айырбас бағамы бойынша есептегенде шамамен 500 млн доллар) тазартылды.

Айта кету керек, қаңтарда Ұлттық қордан бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Талдықорған-Үшарал газ құбырын салуға арналған инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға 850 млн доллар айырбасталды, Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, қаңтарда Ұлттық қор қаражатының игерілуі 550,6 млрд теңгені құрады, бірақ ақпан айында бұл туралы мәлімет әлі жоқ. Ұлттық банк ақпан айында Ұлттық қордан валюта сату көлемінің өскенін де хабарлады. Мұндай мөлшерлемелер былтырғыдай, тамыз айының соңына қарай бекітілген трансферттердің жалпы сомасы толығымен дерлік игерілгендей, Ұлттық қорды пайдалануды жеделдетуді білдіреді. Еске салайық, биыл бекітілген трансферт көлемі 5,25 трлн теңге. Былтырғы жағдайды болдырмау үшін алынып жатқан ақша көлемін жіті қадағалау қажет.

Наурызда үкіметтің бюджеттік өтінімдері бойынша Ұлттық қордан 700 млн доллардан 800 млн долларға дейін (орта есеппен 750 млн доллар) валюта сату жоспарлануда. Сонымен қатар, кері теңестіру тәжірибесі жалғасады, оның аясында наурыз айында шамамен 250 млрд теңге (немесе шамамен 500 млн доллар) сомаға валюта сату жоспарлануда. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдердің 50 пайызын міндетті түрде сатуы туралы талап күшіне енеді. Айта кетейік, ақпанда бұл транзакциялардың көлемі шамамен 274 млн доллпрды құрады, бұл наурызда жалғасуы мүмкін.

Бұл ретте Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін шетел валютасын сатып алу тәжірибесін қалпына келтіру ниеті туралы хабарлады, бұл шетел валютасына сұранысты арттырады және теңге бағамына әлсірету әсерін тигізеді. Наурызда мұндай сатып алулардың көлемі 250 млн доллар деңгейінде жоспарлануда. Нәтижесінде, Ұлттық Банктің валютаны нарықтағы таза сатуы ақпандағы 1,1 млрд доллармен салыстырғанда шамамен 1 млрд долларды құрайды. Осыны ескере отырып, наурыз айында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап көтерілуі мүмкін және бір АҚШ доллары үшін 505-515 теңге аралығында болады деп болжаймыз.