Микроқаржы ұйымдарына бизнес 1,6 трлн теңге, халық 1,1 трлн теңге қарыз

Микроқаржы ұйымдарына бизнес 1,6 трлн теңге, халық 1,1 трлн теңге қарыз

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (МҚҚЖҰ) 220 микроқаржы ұйымы, 215 кредиттік серіктестік және 497 ломбард құрайды.

МҚҚЖҰ-ның активтері 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 3-тоқсанда 5,7% немесе 157 млрд теңгеге ұлғайып, 2,9 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан 15,1% өсім). Активтердің ұлғаюына микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің өсуі себеп болды.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына – 1 603 млрд теңге немесе 54,6%, кредиттік серіктестіктерге – 947 млрд теңге немесе 32,3%, ломбардтарға – 385 млрд теңге немесе 13,1% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2024 жылғы 3-тоқсанда негізінен бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер есебінен 4,8%, 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан 12,8% өсім). МҚҚЖҰ секторында бизнес субъектілеріне микрокредиттердің үлесі 60%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер 2024 жылғы 3-тоқсанда  4,8%, 1,6 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан 32,2% өсім), оның ішінде заңды тұлғаларға берілгені – 0,7%, 796 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғаларға, оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттарға дара кәсіпкерлерге берілгені – 9,1%, 819 млрд теңгеге дейін негізінен микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер портфелінің өсуі есебінен ұлғайды.

Халыққа тұтынушылық мақсаттарға[1] берілген микрокредиттер 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізінен микроқаржы ұйымдары берген микрокредиттер есебінен 2024 жылғы 3-тоқсанда 4,7%, ұлғайып, 1,1 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан 25,6% өсім), олардың үлесіне халыққа берілген микрокредиттердің құрылымында 77% тиесілі.

МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2024 жылғы 1 қазанда 6,2%-ды құрады (01.01.2024ж. – 3,9%). Халық портфелінде мерзімі 90 күннен асатын микрокредиттердің үлесі 10,5%-ды (01.01.2024ж. – 6,5%),бизнес портфелінде — 2,0%-ды (01.01.2024ж. – 1,6%) құрады.

2024 жылғы 3-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері тартылған қарыздар есебінен 5,2%, 1,9 трлн теңгеге дейін өсті. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 70,8%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды.

МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізінен бөлінбеген пайданың ұлғаюы есебінен тоқсан ішінде 6,5%-ға ұлғайып, 992 млрд теңгені құрады (2024 жылдың басынан 15,6% өсім).