Күнбағыс егістігі көлемі қарқынды ұлғайып келеді

Күнбағыс егістігі көлемі қарқынды ұлғайып келеді

Күнбағыс шаруашылығы өсімдік шаруашылығының барлық негізгі өнім түрлері ішінде ең рентабельдісі. Биыл осы егістік көлемі күрт өсті. Атап айтқанда, биыл күнбағыс егістігіне бөлінген алқап 1,8 млн гектарға жуықтады – бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 38% көп, деп хабарлайды стаибюро. Бұл көрсеткіш – кем дегенде 1990 жылдан бергі ең жоғарғысы.

Жалпы, жылдық өсім қарқыны жағынан бұл 2008 жылдан бергі ең жоғары қарқын болды. Бірақ ескеретін жайт – 2008 жылы егістік көлемі қазіргімен салыстырғанда үш есе аз болған, сондықтан абсолюттік мәнде өсім салыстыруға келмейді. Дегенмен, айта кету керек, 2025 жылға қатысты бұл бағалау әзірге алдын ала сипатта, алайда соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, кейінгі нақтылау кезінде елеулі өзгерістер бола қойған жоқ.

Күнбағыс алқабының артуы алдын ала жарияланған болатын: бұл тұқым егістігін әртараптандыру жұмыстары аясында жоспарланған нәтиже еді. Сала сарапшыларының пікірінше, күнбағыс өндірісін әрі қарай да ұлғайтуға болады: ел ішінде өңдеу қуаттары бар болғанымен, оларды толықтай жүктеу үшін шикізат көлемі әлі де жеткіліксіз. Бұған қоса, Қытай тарапынан үлкен сұраныс болптыны айтылуда.

Алайда экспортқа қатысты бір мәселе бар. 2023 жылы күнбағыс тұқымын экспорттауға баж салығы енгізілген – бұл шешімнің мақсаты ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз етіп, күнбағыс майын өндіруді қолдау болатын. Соған қарамастан, 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы деректерге сәйкес, күнбағыс тұқымы шетелге 2022 жылғы деңгейде сатылып жатыр; ал керісінше, импорт көлемі төмендеді.

Жылдың алғашқы бес айында өндіріс көлемі 331,6 мың тоннаны құрады, бұл былтырғыдан 21% артық. Дегенмен импорт та артты, бірақ оның үлесі жалпы көлемде шамамен 14%-ды ғана құрайды.

Алайда, май экспортының белсенді өсуі салдарынан ішкі нарықта өнім өткен жылмен салыстырғанда аз қалды: 95,6 мың тонна, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 112,3 мың тонна болған. Өкінішке қарай, күнбағыс майының тұтынушы бағасы 2023–2024 жылдардағы төмендеуден кейін қайтадан өсуде. Мәселен, 5 тамыздағы жағдай бойынша, баға жылдық мәнде 32,9%қымбаттаған.