Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өсті.
Негізгі өсім драйверлері
- Тауар өндірісі: +8,3%
- Қызмет көрсету саласы: +5,2% (көлік және сауда алда)
- Өнеркәсіп: +6,9%
Ең үлкен үлес қосқан салалар:
- Көлік және қойма: +22,5%
- Құрылыс: +18,5%
- Көтерме және бөлшек сауда: +8,6%
- Тау-кен өнеркәсібі: +8,5%
- Өңдеу өнеркәсібі: +6,1%
Көлік және қойма: +22,5% өсім теміржол, құбыр және автомобиль көлігінің жүк тасымалдау көлемінің артуымен байланысты.
Құрылыс: +18,5% (2025 жылдың І жартыжылдығында +18,4%).
Көшбасшылар өңірлер:
- Түркістан облысы: +34,6% (мектептер, теміржол желілері, автожолдар)
- Ақтөбе облысы: +25,6% (мектептер, жолдарды жаңарту)
- Жамбыл облысы: +13,1%
- ШҚО: +5,9% (тұрғын үй, медицина нысандары, электр желілері)
Сауда: Жалпы өсім: +8,6%
- Көтерме сауда: +9,5% (жалпы өсімнің 66%-ы)
- Бөлшек сауда: +6,6%
Көшбасшы өңірлер:
- Қостанай облысы: +17,6%
- Солтүстік Қазақстан облысы: +12%
- Астана: +9,2%
Негізгі тауарлар: астық, агрохимия, азық-түлік, отын, фармацевтика, техника.
Өнеркәсіп: +6,9% (барлық өңірде оң динамика).
Көшбасшылар:
- Жамбыл облысы: +18,2%
- СҚО: +14,9%
- Шымкент: +15,8%
- Алматы: +13,5%
- Түркістан облысы: +12,3%
Өңдеу өнеркәсібі: +6,1%
- Машина жасау: +14%
- Азық-түлік өндірісі: +9,2%
- Мұнай өнімдері: +8,6%
- Химия өнеркәсібі: +6%
- Металлургия: +1,3%
Ауыл шаруашылығы: +3,7%
- Мал шаруашылығы: +3,4%
- Сүт: +6,1%
- Мал және құс сою: +2,1%
- Жұмыртқа: +0,9%