Автор: Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы
Көктем мезгілі қор нарығында белсенді кезең болып саналады: компаниялар қаржылық нәтижелер жариялап, дивидендтер төлесе, инвесторлар макроэкономикалық трендтерге бағдарланып, стратегияларын түзетеді. Freedom Broker компаниясының талдаушылары 2025 жылы көктем айларына болашағы бар инвестициялық идеялар ұсынады.
Қазақстандық нарық: дивидендер маусымы және корпоративтік оқиғалар
2025 жылы көктемде мынадай компаниялар жақсы серпін көрсетуі мүмкін:
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (KMGZ) – еліміздің экономикасында негізгі рөл атқаратын Қазақстандағы ұлттық мұнайгаз компаниясы. 2025 жылы Теңіз кен орнында өндірісті едәуір ұлғайту күтілуде, бұл компанияны капиталдандыруды арттыру үшін негізгі фактор болуы мүмкін.
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (HSBK) – Қазақстандағы ең ірі банк, ол жоғары қаржылық нәтижелерді тұрақты көрсетіп келеді. Күтілетін дивидендтер иевесторлардың назарын аудартып, акциялардың бағасын белгілеуге оң әсер етуі мүмкін.
- «Kaspi.kz» АҚ (KSPI) – Қазақстанның төлемдерде, e-commerce-те және көрсетілетін цифрлық қаржылық қызметтерде басым орынды иеленетін жетекші қаржылық технологиялық экожүйесі, ол таза пайданың табыстылығының 41%-ын қамтамасыз етеді. Компания трендте оң өзгерістер көрсетіп, таяу уақытта шығатын қаржылық есептілік пен айрықша корпоративтік оқиғалар аясында өсуі мүмкін.

Көктем айларында KASE индексіндегі компаниялардың көбінің дивидендтері төленеді. Halyk Bank, Қазатомөнеркәсіп және ҚазМұнайГаз-дың акциялары дивидендтік төлемдердің ұлғаюы есебінен өсу ықтималы жоғары. Сонымен бірге, ұзақ уақыт қозғалыссыз болған ҚазТрансОйл және KEGOC компанияларын қадағалаған жөн, себебі олар дивидендтердің мөлшерін жариялағаннан кейін өсуі мүмкін. Инвесторларға Қазақтелекомнан Altel–Tele2-ні сату туралы мәміленің аяқталу қорытындысы бойынша арнайы дивидендтердің мүмкіндігін ескеруге кеңес беріледі.
Kaspi.kz акционерлерінің бірі Вячеслав Ким First Heartland Jusan Bank-ті сатып алуы туралы ықтимал мәміле қосымша өсу драйвері болуы мүмкін, бұл екі қаржы ұйымының ықтимал ынтымақтастығына әкелуі мүмкін.