KMF МҚҰ банк болып тіркелді

KMF МҚҰ банк болып тіркелді

KMF микрокаржылық ұйымы қайта тіркеуден өтіп, KMF Банк акционерлік қоғамы болып өзгерді. Бұл туралы аталған МҚҰ Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.

«KMF МҚҰ АҚ мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, KMF Банк АҚ болып өзгерді. Мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 2025 жылдың 1 тамызында берілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта KMF банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алу рәсімінен өтуде.