KMF микроқаржы ұйымы 2025 жылғы наурызда Қаржылық реттеу және дамыту агенттігінен банкке айналуға рұқсат алған болатын. Енді тамыз айында клиенттерге банк қызметтерін ұсынуға дайындалуда. Бұл туралы ұйымның ресми хабарламасында айтылды.
KMF 2025 жылғы 30 шілде сағат 15:00-ден 3 тамызға дейін техникалық себептерге байланысты барлық операцияларды уақытша тоқтатты. Тоқтатылған операцияларға мыналар жатады:
- микронесиелерді өтеу: бөлімшелерде, терминалдарда (KMF және серіктестердің), мобильді қосымшада және серіктес ұйымдарда;
- микронесиелерді беру: бөлімшелер мен мобильді қосымша арқылы;
- қайта құрылымдау, анықтамалар мен құжаттарды рәсімдеу.
Ұйым хабарлауынша, осы кезеңге сәйкес келетін төлемдер 2025 жылғы 4-8 тамыз аралығында сағат 18:00-ге дейін KMF кассаларында және терминалдарында қосымша комиссияларсыз, өсімпұлдарсыз және айыппұлдарсыз қабылданады.
«Бұл өзгерістер Сіздер үшін жасалып отыр — жақын арада біз Сіздерге жаңа банк қызметтерін ұсына алатындай боламыз. Банктің ашылуы туралы қосымша хабарлаймыз», — делінген хабарламада.
Еске салайық, KMF 2025 жылдың наурыз айында банкке айналуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен ресми рұқсат алған.