Kaspi тобы жыл басынан бері 535 млрд теңге таза пайда тапты

Kaspi тобы жыл басынан бері 535 млрд теңге таза пайда тапты

Kaspi II тоқсан және I жартыжылдық бойынша қаржылық нәтижелерін жариялады. Төменде 2025 жылдың қаңтар–маусым аралығындағы негізгі көрсеткіштер:

  • жинақталған табыс +20%, 1,4 трлн теңгеге дейін өсті;
  • жинақталған таза пайда +15%, 535 млрд теңгеге дейін ұлғайды;
  • маркетплейстегі сатып алулар саны +36%, 140,6 млн транзакцияға жетті;
  • 2025 жылға болжамды пайда +15% деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Компания сондай-ақ түрік маркетплейсі Hepsiburada-ны сатып алу бойынша соңғы траншты төлегенін хабарлады — 526,9 млн доллар. Бұл компанияның зияны 1,1 млрд түрік лирасына (шамамен 14,5 млрд теңге) жетіп, жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 55% өскен.

Rabobank A.Ş банкін сатып алу мәмілесін жабу 2025 жылдың екінші жартыжылдығында күтілуде.