Жыл соңына дейін доллар 546 теңгеден асады — BCC Invest

Жыл соңына дейін доллар 546 теңгеден асады — BCC Invest

BCC Invest сарапшыларының болжауынша, 2025 жылдың желтоқсанында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 546,5 теңге болады.

Сарапшылар мұндай тұжырымға соңғы макроэкономикалық өзгерістерді, пессимистік сценарийдің орындалуына қарап тоқталып отыр.

Сонымен қатар, жағдай қазіргідей жалғаса беретін болса, жылдық орташа бағам 521,5 теңге болмақ.

Бұған дейін, BCC Invest 2025 жылдың 7 сәуірінде валюта бағамының динамикасына болжамды жаңартқан. Ол кезде сәуірдегі орташа бағам 514,4 деп болжанған еді, іс жүзінде көрсеткіш дәл сондай, яғни 514,5 теңге болды.